Елбасы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті

02.03.2021

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Қырғыздың жаңадан сайланған Президентін қабылдады. Елбасы мен Садыр Жапаров «Назарбаев орталығындағы» экспозицияларды тамашалады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты жаңа қызметімен құттықтап, екі ел арасындағы бауырмалдық пен татулық қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бүгінгі кездесуден соң экономикалық байланысты да нығайту керегін айтты. Садыр Жапаров өз кезегінде екі мемлекеттің достығына қосқан үлес үшін Елбасына алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы:
Қазақстанға келгеніңіз құтты болсын. Сайландыңыз, Қырғыз халқы сенім көрсетті. Қырғыз халқы үшін еңбегіңіз табысты болсын. Екі ел арасында біраз келіссөздерге қол қойылды. Соның бәрін жандандыру керек. Біз қолдан келгенді жасаймыз.
Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті:
Мен сізбен көрісіп отырғаныма қуаныштымын. Бізде қиын кезеңдер болғанда сіздің қолдау көрсеткеніңізді қырғыз елі ұмытқан жоқ. Бұдан әрі біріге жұмыстар атқаруға біз дайынбыз.
Ақниет Балтанова



Хабарламаларға жазылу