Қапшағайда 6 адам суға кетіп қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайда 6 адам суға кетіп қайтыс болды

16.07.2018

Алматы облысы Қапшағай қаласында кеше 4 адам суға кетіп, қайтыс болды. Ал, соңғы екі тәулікте 6 адам көз жұмған. Құтқарушылардың сөзінше, себеп болған жел. Күшті толқындар жайбарақат суда жүзіп жүрген демалушыларды жан-жаққа лақтырып, кейбіреуі жоғалып кеткен. Оқиға Қапшағай демалыс аумағындағы «Қалалық жағажайда» болған. «Құтқару мүмкін болмады, себебі, соққан желдің кесірінен толқын тұрып, дес бермеді. Адамдар көлдің қай тұсына қалқып немесе батып кеткенін анықтау күрделі болды. Алайда, барынша тырыстық», - дейді құтқарушылар.

Қазір Қапшағай қалалық әкімшілігінде құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен осы мәселені шешуге арналған жиналыс өтіп жатыр. Ал, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «қауіпсіздік шараларын күшейттік», деп отыр. 

 

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу