30 жылда ауыл шаруашылығының ЖІӨ-нен алатын үлесі 7 пайызға жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 жылда ауыл шаруашылығының ЖІӨ-нен алатын үлесі 7 пайызға жеткен

24.02.2021

«Қуатты Қазақстанның қабырғасын бәсекеге қабілетті аграрилер қалайды». Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуге арналған комиссияның алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасының ауылға айырықша көңіл бөлуі тегін емес. Жалпы 7 мыңға жуық ауылда республика халқының жартысына жуығы тұрады. Ендеше, ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалы, рухани көңіл күйі – ел ертеңінің кепілі.

Сағындық Қасымов – табысты кәсіпкер. Қорасында 300-дей жылқысы бар. Күнделікті жүздеген литр қымыз тапсырады. Ауыл шаруашылығына бет бұрмас бұрын, сан салада бағын сынап көрді. Бірақ, мал шаруашылығының машақаты көп, жұмысы ауыр болғанымен табысы қомақты-деп, ауылға келді. Жәй келмей, ірі серіктестік құрды. Қазіргі таңда 20-ға жуық адамға тұрақты жұмыс беріп отыр.

Сағындық Қасымов, кәсіпкер:
50-60 тонна жылына қымыз өндіреміз. Соған субсидия аламыз. Қысы-жазы біз қымыз тапсырамыз.

Коронавирус – қымыздың қадірін жете түсіндірді. Шипалы сусынға сұраныс артып, қыстың күнінің өзінде 40 бас бие байлаулы тұр.

Президент вертикалды коперация мәселесіне ерекше екпін беріп отыр. Яғни ұсақ шаруашылықтар шашырамай іріленеді. Сиырдан сауылған сүт сөреге жеткенше бір жерге бағынады. Ортада делдал жоқ.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:
Бүгін күнде 2900 кооператив құрылды. Мемлекет тарапынан кооперативтерге субсибия бар. Сүтке литріне 20 теңге. Еті бар. Сол кооператив техника алса, ақшасын қайтаруға көмектеседі. Қолдаулар бар.

Мемлекет шаруаларды қолдаудан тартынып көрген емес. Соның арқасында 30 жылда ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімнен алатын үлесі 1,5 пайыздан 7 пайызға жетті. Ендігі міндет аграрилердің ел экономикасына қосатын үлесі 10 пайызға жеткізу.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу