Астананың ЖІӨ-дегі үлесі 6 еселенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың ЖІӨ-дегі үлесі 6 еселенді

06.07.2014
Астананың ЖІӨ-дегі үлесі 6 еселенді

Мемлекет басшысының Астана қаласына инвестиция тарту мәселесіне база назар аударуының арқасында Елорда қысқа мерзім ішінде қарқынды дамушы қалаға айналды.

Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны үш есеге жуық артып, ЖІӨ-нің көлемі 54 еседен артық өсті, Астананың ЖІӨ-дегі үлесі 6 еселенді, ал инвестиция көлемі 28 есе артты. Айта кетейік, 16 жылдың ішінде елордаға 4 триллион 780 миллиард теңге қаржы тартылды.

Қала Қазақстан елордасына айналғалы 12 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Астанадағы өндіріс өнеркәсібінің өнімі 260 миллиард теңгеге жетіп, 7 пайызға өсті.

Сонымен қатар, Астана арнайы экономикалық аймағында индустриалдық парк құрылып, оның аясында теміржол, құрылыс және құбырлар мен жеңіл өнеркәсіпке қатысы бар бірқатар зауыттар іске қосылды.

Шағын кәсіпкерлікке жұмысқа қабілетті қала тұрғындарының басым көпшілігі қатысып, жергілікті бюджетке түсетін табыстың 70 пайызын береді.

Хабарламаларға жазылу