Қостанай облысында боран салдарынан 4 автокөлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында боран салдарынан 4 автокөлік соқтығысты

23.02.2021

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы аумағында ат құлағы көрінбес боранның салдарынан төрт автокөлік соқтығысты. Жол апаты Әйет өзенінен өтетін көпірдің үстінде болған. Әзірге адамдар қаншалықты зардап шеккені жайлы ақпарат жоқ. Ал Қарабалық ауданында қатты жел көпқабатты тұрғын үйдің шатырып ұшырып жіберді. Құлаған шатыр аулада тұрған көліктерді де зақымдаған.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу