Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол уақытша жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол уақытша жабылды

23.02.2023

Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол уақытша жабылды. Себебі ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран соғып тұр. Салдарынан Маржанбұлақ ауылы маңындағы «Самара-Шымкент» трассасында бір мезгілде 11 көлік соқтығысты. Адамдар дін аман. Полиция мен Төтенше жағдайлар қызметі жол учаскілерін бақылауға алды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу