«Басты тақырып». «Нұрлы жер» бағдарламасына қалай қатысуға болады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Басты тақырып». «Нұрлы жер» бағдарламасына қалай қатысуға болады? (ВИДЕО)

05.10.2017

Ресми мәлімет бойынша елімізде 2,5 миллион адам баспанаға зәру. Ендігі үміт «Нұрлы жер» бағдарламасында. Бағдарлама қалай орындалып жатыр?  Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Ипотекамен үй алуға мүмкіндік бар ма?

Бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы  ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов осы мәселеге қатысты сұхбат берді.

Қазір үйдің кезегінде қанша адам  тұр?

Мархабат Жайымбетов:

Әкімдіктердің кезегінде 450 мың адам  тұр, оның 180 мыңдайы – мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы мен  «Нұрлы жер» бағдарламасының айырмашылығы неде?

Мархабат Жайымбетов:

Бұрынғы т ұрғын үй саласындағы бағдарламалардың барлық артықшылықтарын осы бағдарлама қамтыды деп айтуға болады.

Комитет төрағасы хабар барысында «Нұрлы жер» бағдарламасына қалай қатысуға болады деген көрерменнен келген сауалға да толыққанды жауап берді.

 

ТОЛЫҚ НҰСҚА

Хабарламаларға жазылу