Талдықорған 15 мың адам баспана кезегінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған 15 мың адам баспана кезегінде тұр

27.03.2023

Талдықорғанда биыл 1400 пәтерлі 41 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы облыс орталығында қазіргі таңда 15 мың адам үй кезегінде тұр. Баспана құрылысымен қатар жаңа ықшам ауданның инфрақұрылымы, су және жылу жүйесі, газдандыру мен абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілмек. Ол үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы қажет. Жетісу облысына іс-сапармен барған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәселені жылдам шешуге болатынын жеткізді. Мұнан бөлек ведомство басшысы Сарыөзек-Көктал тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кету керек бұл тас жолмен цемент зауытының ауыр техникасы жүріп жарамсыз етіп тастаған болатын. Әсіресе Алтынемел асуынан жеңіл көліктер әрең қозғалады. Сондықтан цемент зауытына өздеріне бөлек айналма жол салдырту ұсынылды.

Марат Қарабаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Бюджетті нақтылау шеңберінде биыл бөлінген 3,5 млрд ақшаға қосымша 4,7 млрд ақша бөліп, биыл сол жолды толық қосамыз. Біздің жалпы ойымыз ол зауытқа басқа жеке айналма жол салатын болады. Бірден қазір ол мәселе шешілді деп айта алмаймыз. Он күннің ішінде түпкілікті бір шешімін айтатын боламыз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу