Еліміз биыл да сырттан қарызға ақша алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз биыл да сырттан қарызға ақша алмақ

19.02.2021

Еліміз биыл да сырттан қарызға ақша алмақ. Қаржы министрінің айтуынша ол 2 триллион 600 миллиард теңге көлеміндегі республикалық бюджеттің тапшылығын жою үшін қажет. Қарызды халықаралық қаржы ұйымдарынан рубльмен алу жоспарланып отыр. Өйткені оның теңгемен байланысы барын ескерсек, алда-жалда девальвация болса, қарыз көлемі өспейді. Сондай-ақ құнды қағаздар шығару көзделген. Оның үстіне бюджетке түсімді арттыру үшін салықтық-кедендік әкімшілендіруді цифрландыру жалғасады. Осының арқасында соңғы 3 жылда қазынаға қосымша 2 триллион теңгеден астам кіріс түскен.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу