Коронавируспен күресу үшін Қазақстан сырттан 1,5 млрд еуро қарыз алады
Қазақстан сырттан 1,5 млрд еуро қарыз алады. Оның 908 млн-нан астамы Азия даму банкінің қаржысы. Бұл ақша COVID-19-ға қарсы күрес және экономиканы қалыпқа келтіру үшін жұмсалмақ. Қарыздың 50 пайызы 3 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 10 жылда өтелуі керек.
Ал қалған жартысы 3 жылдық жеңілдік кезеңімен 5 жылға беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де 661 млн еуро қарыз алмақ. Оның өтемі 3 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 10 жылда қайтарылуы керек.
«Қарызды өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асады»,- деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кабулде 400 адам Пәкістан шабуылынан қаза тапты
17.03.2026, 13:21
Ертіс өзенінде майлы дақтар пайда болған
17.03.2026, 13:15
Павлодар өңірінде 58 елді мекенді су басу қаупі бар
17.03.2026, 13:12
«Наурыз» бағдарламасына өтінім біраз уақыт қабылданбайды
17.03.2026, 13:09
Астанада 3 мың оқушы бір уақытта асық ойнады
17.03.2026, 13:06
1500 оқушы бір мезетте бес асық ойнап, рекорд жасамақ
17.03.2026, 13:03
Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
17.03.2026, 13:00
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
17.03.2026, 10:30