Павлодар облысында шілдехана тойын жасағандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шілдехана тойын жасағандар анықталды

19.02.2021

Павлодар облысы әлі де «қызыл» аймақта, соған қарамастан карантин талаптары өрескел бұзылуда. Облыс орталығының іргесіндегі Ақсу қаласындағы дәмханалардың бірінде шілдехана тойын жасағандар анықталды.

Бір қызығы, тексерушілер тойхана ішінен ересек адам таппай қалған. Қонақтар өңкей шиеттей балаларын қалдырып, өздері қашып кеткен. Қазан басында аспазшылар ғана жүр. Бірақ кейін тойда 20-дан аса адам болғаны анықталды. Той иесі мен кәсіпкерге айыппұл салынды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу