Павлодарда тығылып той өткізгендер ұсталды
Павлодар қаласында бір күнде той жасаған 4 мейрамхана анықталды. Мониторингтік топ думан нағыз қызған шақта келіп, той иелерін де, қонақтарды да бейнекамераға түсіріп алған. Әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлесе де, жұрт той тойлауды доғарар емес. Карантин жарияланғалы Павлодарда шектеу шараларын бұзған 700-ден астам дерек анықталды.
Арман Қаптаев, жергілікті полиция қызметінің бастығы:Тойханалардың бірінде 20, енді бірінде 63 адамға дейін болды. Мерейтой, екі жерде қыз ұзату, тағы бір мейрамханада үйлену тойын жасап жатыр екен. Тойды тоқтатып, адамдарды тарқаттық. Әкімшілік жаза қолдану үшін құжаттар рәсімдеп, өкілетті органға жібердік.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20