Атырау облысында мұнай-газ саласында ірі жобалар жүзеге асады
Биыл Атырау өңірінде құны 817 млрд. теңгеден асатын мұнай-газ бағытындағы екі ірі жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы халыққа онлайн түрде есеп берген Атырау облысының әкімі айтты. Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, оның бірі — жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін Қашаған кен орнындағы зауыт. Алпауыт кешеннің құрылысына 2 800 адам тартылады. Ал жоба іске қосылғаннан кейін 600 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ өңірде өткір тұрған экологияны оңалту үшін жергілікті билік жаппай көгалдандыру жұмыстарын жүргізбек. Алдағы 4 жылда облыс аумағында 7 миллион көшет отырғызылады.
Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімі:
Біздің бастамамызбен көгалдандыру бойынша үлкен жоба көзделіп отыр. Қала аумағынан жалпы көлемі 5 мың гектардан астам учаскелердің тізбесі жасалды. Оларға тал отырғызу жұмыстарына 20-ға жуық ірі мұнай-газ кәсіпорындарын, соның ішінде, НКОК, «Теңізшевройл» сияқты шетелдік компанияларды тарту көзделуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15