Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 2 адам 18 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 2 адам 18 жылға сотталды

18.02.2021

Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары 18 жылға сотталды. Айыпталушылар өткен күзде Созақ ауданы аумағында ұсталды. Олар Жамбыл облысынан шығып, Бетпақдала арқылы айналма жолдармен Қостанайға бағыт алған. Алайда, күдіктілерді қорықшылар байқап қалып, полицияға хабарлаған. Toyota Land Cruiser автокөлігін тінту барысында 650 келіден артық кептірілген марихуана мен 48 келіге жуық гашиш табылды. Есірткінің ірі партиясын күдіктілер 37 полиэтилен қапшығы мен бірнеше ыдыстарға салған. Олар бұған дейін де сотты болғаны анықталды.

Қасым Қалмағанбетов, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:
Жамбыл облысынан Түркістан облысы арқылы шетелге және Қазақстанның басқа да батыс және солтүстік аймақтарына тасымалдануға тиіс есірткі заттар. Кептірілген марихуана есірткі заттары негізінен ұнтақталып, түйілген.

Айнұр Ақбаева

есірткі сот Түркістан облысы

Хабарламаларға жазылу