Әлемнің ең кедей аудандарының біріндегі карантин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің ең кедей аудандарының біріндегі карантин

22.04.2020
Әлемнің ең кедей аудандарының біріндегі карантин

Дхарави – Үндістанның Мумбаи қаласы маңында әлемдегі ең тығыз орналасқан аудандардың бірі. 215 га аймақта өмір сүретін халық саны 1 миллионнан асады. Мұндағы антитазалық, ауыз су, азық-түлік, жеке гигиена өнімдерінің жетіспеушілігі ауданды Үндістандағы коронавирус індетінің негізі ошағы етіп отыр.

Дхаравиде оқшаулану немесе ара-қашықтықты сақтап жүру өте қиын. Себебі мұнда бір жуыну бөлмесін 100-ге жуық адам пайдаланады. Бұдан бөлек, көптеген баспанасыз адамдар көшеде өмір сүреді.

Алайда халық мүмкіндігі келгенше карантин режимін ұстануға тырысуда. Бірі қолдан бетперде тіксе, бірі үйлерінің алдынан өзге адамдар өтпес үшін қоршау салып қойған.

Медицина қыметкерлері мен полиция өкілдері жиі тексеру жүргізеді. Вирус белгілері анықталған адманың қолына арнайы белгі қойылып, жеке оқшаулану уақыты біткенге дейін үйден шықпау туралы кеңес беріледі. Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, елдегі індет жұқтырғандардың 80 пайызында ауру белгілері өте әлсіз болған.

Қазіргі таңда Үндістандағы коронавирус індетін жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтаған. Сарапшылардың айтуынша, инфекция жұқтырғандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Себебі елде COVID-19 вирусына тест тапсырғандар саны өте аз көрінеді.

Дереккөз: Известия


Хабарламаларға жазылу