Атырау облыстық балалар ауруханасында 5 жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлер Мұхаммед Хамидуллинге соқырішек диагнозын қойып, шұғыл операцияға дайындаған. 2 сағаттан соң ота жасаған. Операциядан кейін палатаға шығарылған бүлдіршіннің кенеттен қызуы көтеріліп, аяқ-қолы тырысып, жүрек соғысы баяулаған. Мамандар дер кезінде көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қала алмады. Олардың болжамы бойынша, балаға анестезия құрамындағы әлдебір препараттың кері әсер етуі себеп болған.
Дулат Сабыров, Атырау облыстық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары:
- Реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін болмады. Ал, баланың шетінеу себебі, осы наркозға пайдаланған кейбір дәрі-дәрімегіміздің баланың ағзасына жағымсыздығы әсерінен деп білеміз.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ