Жүргізушілердің көлік құжаттарына қатысты ескі айыппұлдары кешіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүргізушілердің көлік құжаттарына қатысты ескі айыппұлдары кешіріледі

11.02.2021

Темір тұлпар иелерінің төленбеген айыппұлдары кешіріледі. Бұл көлік жүргізу куәлігі мен техникалық төлқұжатты өзімен алып жүрмеу заңына қатысты. Заң күшіне 13 ақпанда енеді. Соған дейін салынған ескі айыппұлдар жойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департменіті хабарлады. Бірақ қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірі бар автомобильдерге және Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алғандарға қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ұсыну міндетті болып қала береді.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу