Астанада апатқа ұшыраған көліктердің шеруі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада апатқа ұшыраған көліктердің шеруі өтеді

21.04.2014
Астанада апатқа ұшыраған көліктердің шеруі өтеді

Ертең Астанада кәсіби шабандоздар мен байкерлердің қатысуымен автошеру өтеді. «Біз, жолдағы қауіпсіздік үшін!» автошеруінің негізгі мақсаты - көлікті мас күйде басқарудың алдын алу.  

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған машиналар колоннасы байкерлермен және жарыс көліктерімен бірге «Біз, жолдағы қауіпсіздік үшін!» туларын ұстап, қаланың ескі бөлігіндегі орталық көшелермен жүріп өтіп, сол жағалауда «Бәйтерек» монументінің жанында тоқтайды.  

Автошеруге қатысушылар полицейлермен бірлесе жүргізушілерді көлікті мас күйде басқарудың салдары туралы ойлануға, көлік тізгініне мас күйде отырмауға, сондай-ақ, акцияға қатысуға шақырады.  

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы республика бойынша мас жүргізушілердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 106 адам қайтыс болса, 867-сі жарақат алған. Жүргізушілер әсіресе, мереке және демалыс күндері мас күйде көлік жүргізеді, деп хабарлайды astana.kz.
 

Хабарламаларға жазылу