Ақтөбеде автобустың жанып кетуіне өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде автобустың жанып кетуіне өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болған

22.01.2018

«Ешқандай қылмыстың белгілері жоқ, бұл қайғылы жағдай». Тексеру жұмыстарын аяқтаған комиссия мүшелері осылай деп мәлімдеді. Тергеу кезінде оқиға орнында дәнекерлейтін шам табылған. Сондай-ақ, бес литр бензин құйылған пластмасса ыдыстың болғаны да анықталды. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған деген болжамды аман қалған жолаушылар да растаған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаза болғандардың мәйіттері Өзбекстанға жөнелтілді. Ол жақта бірқатар геномдық сараптамалар жүргізіліп, марқұмдардың денелері туыстарына беріледі.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Автокөліктің қозғалтқышы өшіп қалып, көліктің іші суып кеткен. Сол кезде дәнекерлейтін шам жылытқыш ретінде қолданылған. Сол кезде бес литрлік ыдыстағы бензин төгіледі де, от лап етеді. Сөйтіп, аз уақытта автобус ішіндегілердің барлығы отқа оранады. Қандай да бір криминалдық жағдайдың болуы мүмкін деген болжамдар толықтай жоққа шығарылды.

 

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу