Жер туралы заңды тез арада қабылдауымыз керек - депутат
Жер кодексі бойынша мәселелерді шешу амалдары әлі шикі. Мардымды жұмыстар атқарылмай жатыр. Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Үкімет басшысына сауал жолдады. Онда жер кодексіне жарияланған мораторийдің аяқталуына жылдан аз уақыт қалғандығы айтылады. Осы аралықта аталған заң нормаларын егжей-тегжей қарап, бір жақты етуге мүмкіндік болған еді. Бірақ, бүгінге дейін тындырымды іс жоқ. Осы ретте Президенттің «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс»,-дегенін негізге алынуы тиіс. Бұл мәселе Мәжілісте осымен екінші рет көтеріліп отыр.
Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, біз Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін осы жылдың 1 шілдесіне дейін тез арада Жер туралы заңды қабылдауымыз керек.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
20.03.2026, 20:50
Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
20.03.2026, 20:48
Премьер-министр Аралдың айналасын көгалдандыруды күшейту керектігін тапсырды
20.03.2026, 20:46
Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
20.03.2026, 20:44
Жаңа Конституция: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 20:43
Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
20.03.2026, 20:42
«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі
20.03.2026, 20:41
Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері жоғары
20.03.2026, 20:38