Ақтөбе облысында автобустың өртенуіне қатысты арнайы комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында автобустың өртенуіне қатысты арнайы комиссия құрылды

18.01.2018

Бірер сәт бұрын Өзбекстанның Қазақстандағы консулы Шухрат Тешабаев Алматыдан Ақтөбеге ұшып кетті. Дипломат оқиға орнында кешкі сағат жеті шамасында болады. Ол апатқа ұшыраған 57 адамның қаншасы Өзбекстан азаматы екенін анықтауға атсалысады. Ал, еліміздің Ішкі істер министрлігі Ақтөбедегі өртке қатысты Үкіметте ведомствоаралық комиссия құрылғанын хабарлады. Комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасыларына көрсетілетін көмектің көлемін нақтылайды.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

- Оның құрамында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұргымбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Ардақ Мәдиев, облыстың құқық қорғау және басқа да органдарының өкілдері бар.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу