Қазақстанда жаңа мереке пайда болмақ
Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізу туралы Үкімет қаулысын дайындады.
Құжат «Ашық НҚА» сайтында талқылауға шығарылды.
Онда мынадай тармақты қосу ұсынылып отыр:
«11-1. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күні – 9 маусым».
«Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Қорғаныс министрлігінде, Ішкі істер министрлігінде арнайы мақсаттағы бөлімшелер бар. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері Қазақстанда конституциялық құрылысты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып жатыр. 9 маусым Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары АМБ үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне (2016 жылғы 9 маусымдағы № 98) қол қоюына байланысты таңдалып алынды», - делінген ІІМ түсініктемесінде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» – әдемі ұран да, науқан да емес. Бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі.
29.09.2026, 11:51
Президент: Біз Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз
29.09.2026, 11:03
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08