«Спутник V» вакцинасы 91,6 пайызға тиімді - ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Спутник V» вакцинасы 91,6 пайызға тиімді - ғалымдар

03.02.2021

«Спутник V» вакцинасы 91,6 пайызға тиімді. Бұл туралы британиялық «The Lancet» медициналық ғылыми журналы жарияланды. Мамандардың сөзінше, клиникалық зерттеуге қатысқандардың жасушалық иммундық әсері мен қауіпсіздігі жақсы нәтиже көрсеткен. Ғалымдар Мәскеудің 25 емдеу мекемелерінде зерттеу жүргізген. Оған әр санаттағы, жасы 18-ден асқан, ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен, инфекциялық аурулары жоқ 22 мыңға жуық адам қатысты. Топтың бір жартысына екпенің өзін еккен, қалған бөлігіне плацебо, яғни емдік қасиеті жоқ препарат салынған. Қорытындысында «Спутник V» алғандардың ішінде 16 адам вирус жұқтырған, ал плацебо қабылдағандардың 62-сі індетке іліккен. 

Хабарламаларға жазылу