Ресейде «Омикрон» штамын жұқтырғандар саны 41-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде «Омикрон» штамын жұқтырғандар саны 41-ге жетті

22.12.2021

Ресейде «омикрон» штамын жұқтырғандардың саны 41- ге жетті. Сондықтан іргелес ел Африка және Гонконгтан келетін шетел азаматтарын мемлекет аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылдады.

Индира Бегайдар, тілші:

Препараттың тиімділігін тексеру үшін шетелден вирус жұқтырып келген ресейліктерден тиісті биоматериал алынған. Вакцинаны жасап шығарған Гамалея атындағы институт қызметкерлері «Спутник-V» вакцинасы «омикрон» штамына қарсы тұра алады және бұл соңғы мутация болуы мүмкін дейді.

Владимир Евсеев, сарапшы:

 «Спутник-V» басқаларына қарағанда ауыр вакцина. Вакциналаудан соң белгілі әсері болуы заңды. Бірақ ол барлық жаңа штамға қарсы тұра алады. Тек әр жарты жыл сайын ревакцинация жасап отырған абзал.

Бүгінде Ресейде эпидахуал жақсарып келеді. жаңажылдық мерекеге орай карантиндік шектеулердің көбі алынып тасталды. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 58 пайызға жеткен.

Келер жылы барлық мектепте коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестілеу жүргізу міндеттеледі. 500 адам жиналатын шараларға кіру үшін QR-код талап етіледі.

Индира Бегайдар


Ресей омикрон

Хабарламаларға жазылу