Қарағанды облысындағы қарттар үйінде 96 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы қарттар үйінде 96 адам коронавирус жұқтырған

02.02.2021

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі қарттар үйінде 96 адам кеселге шалдыққан. Соның 70-і – қариялар болса, қалған 26-сы - персонал қызметкері. «Барлығының да жағдайы қалыпты»,-дейді дәрігерлер. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, ПТР сынамасы алынды. Жалпы мекеме наурыз айынан бері жабық түрде жұмыс істеуде. Мұнда барлығы 91 қарт тұрады. 

Айгүл Шатекова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің ресми өкілі:
Шахан қаласындағы медициналық-әлеуметтік мекемеде коронавирус ошағы анықталды. Пансионатта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Індетке шалдыққандар және олармен байланыста болғандардың тізімі жасалды. Қазіргі уақытта барлық науқас жұпалы аурулар ауруханасында емделуде. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу