Перт қаласында 2 миллионға жуық адам каратинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перт қаласында 2 миллионға жуық адам каратинге жабылды

01.02.2021

Бүгін Австралияның Батыс Австралия штатының астанасы Перт қаласында 2 миллиондай адам карантинге алынды. Себебі, мұнда бір адамнан коронавирус табылған. Ол жақында шетелден оралып, ондаған тұрғынға қауіпті инфекция жұқтырса керек.

Қатаң шектеу шаралары бес күнге созылады. Жергілікті үкімет 26 миллион халықты вакцинациялауға 4 жарым миллиард долларға жуық қаражат жұмсайтынын мәлімдеді. Айта кетсек, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бүгінде 102 миллионнан асып, 2 миллион 225 мыңдай адам одан қайтыс болды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу