Қарағанды облысында вакцина салу үшін 115 кабинет жасақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында вакцина салу үшін 115 кабинет жасақталды

28.01.2021

Еліміз бойынша әр облыстың кемінде 60 пайыз халқы екпе салдырса ғана, індеттен құтыла аламыз. Бұл - қарағандылық медицина мамандарының пікірі. Өңірде вакцина салуға арналған 115 кабинет қазір дайын.

Әсел Мусина қаладағы отбасылық емханада учаскелік мейірбике болып жұмыс істейді. Облыстағы алғашқы үш екпе кабинеті осы емхана жанынан ашылды. Көппен бірге Әсел де оқу курсынан өтті.

Әсел Мусина, мейірбике:
-Мейірбикемін, қабылдау жасаймын. Участокта жүретінмін. Осы вакцинамен бірінші рет жұмыс істеймін. Үш ай оқу курсынан өттім. Брінші кезекте біз вакцинаны аламыз. Өйткені халықпен жұмыс істейміз.

Облыс бойынша 115 кабинет жасақталды. 420 мейірбике мен 100-ден астам дәрігер арнайы оқытылды. Ресейлік мамандардың екі күндік семинарына да қатысты. Екпе 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтарға салынады. Дәрігерлер бұған дейін коронавируспен ауырған тұрғындарға иммунитетіне сеніп жүруге болмайды деп отыр.

Бибігүл Төлегенова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы:
-Осы ақпан-наурыз айларында ауырған кісілердің иммунитеті төмендейді. Ол тіпті нөлге түседі. Осы кісілерге мен егілсін дегім келеді. Өзім де егілемін. Менің жолдасым бар. Оған, туысқандарыма, барлығына да айттым.

Спутник-V»» вакцинасын желтоқсан айынан қолдана бастаған Ресейде індетпен күрес нәтижесі жаман емес. Көрші елдің екпесін егуге 14 мемлекет келісім берген. Тағы 25-і жақын арада ресми түрде тіркелмек.

Ал бізде бұл препарат Қарағандыда да шығарылып жатқандықтан екпе тапшылығы болмайды,-дейді мамандар.

Ал вакцинаның негізгі қоры облыстық қан орталығының қоймасында сақталады. Ол жерден арнайы техникамен тасымалданады. Шалғай елді мекендерге мобильді топтар барады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу