Сенатта нотариустың қызметін жетілдіретін заң қабылданды
Елде нотариустарды қадағалайтын тәртіптік комиссия құрылады. Әрі олардағы құжаттар электрондық нұсқада қатар сақталады. Ол үшін арнайы жүйе құрылады. Бүгін сенат нотариат мәселелері туралы заңды қабылдады. Заң қағаздағы құжат пен электрондық құжаттың тең мәнділігін куәландыруды міндеттейді. Нотариаттық құжатқа QR-код беріледі. Бұл жаңашылдықтар келер жылдан жүзеге аса бастауы тиіс. Жалпы, елде қазір 4200-ден астам нотариус қызмет атқарады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Осы заң халыққа нотариаттық қызмет көрсету кезінде цифрлық технологиялардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, нотариаттық қызметке қойылатын талаптарды күшейтуге құқықтық негіздер қалыптастырады.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07
Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
07.02.2026, 20:06
XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
07.02.2026, 20:06
Д.Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифті көтермек
07.02.2026, 20:05
Мароккода тасқын қаупіне байланысты 143 мың адам эвакуацияланды
07.02.2026, 20:04