Құжат қабылданды: Заң көмегін тегін алуға мүмкіндік кеңейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құжат қабылданды: Заң көмегін тегін алуға мүмкіндік кеңейеді

02.06.2022

Заң тұрғысынан тегін көмек беру тетіктері жетілдіріледі. Бұған мемлекет кепілдік беріп отыр. Сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау да күшейтіледі. Бүгін сенатта осыларды реттейтін құжат қабылданды. Заң жобасы әсіресе халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына үлкен қолдау. Өйткені, кез-келген заңға қатысты кеңес тегін беріледі. Алдағы уақытта осы норма арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады,-дейді сенаторлар. Жалпы, құжатта уәкілетті орган, сараптама ұйымы және соттарда сенім білдірілген өкілдер институтын жетілдіру көзделген. Ал, заң кеңесшілері мемлекет кепіл болатын көмек көрсету жүйесіне енгізіледі. Бұдан бөлек Парламентте зияткерлік меншік туралы да заң жобасы мақұлданды. Онда туындылар мен өнертабыстарға авторлық құқықтарды қорғауға, оның ішінде сыйақылар төлеуге мемлекеттік қолдауды күшейтуге, зияткерлік меншік өнімдерін өткізу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етіледі.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу