Ұрланған көліктерді қайтару жолы жеңілдетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұрланған көліктерді қайтару жолы жеңілдетіледі

27.01.2021

Елден ұрланған көліктер көбіне кері қайтарылмайды. Өйткені, іздестіру тетіктері жетілмеген. Мәселен, 15 жылда 40 мыңнан аса машина жоғалып, тек 66-сы табылған. Ал, көлік ұрлығы ТМД елдері арасында жиі тіркеледі. Бүгін көлік құралдарын қолды етуге қарсы күрес және оны қайтару бойынша ішкі істер министрі заң жобасын таныстырды. Депутаттар талқысынан соң құжат қабылданды.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
Енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға бір ғана ай беріледі. Сондықтан сұрау салу бойынша ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз қажет. Сонымен қатар, хаттамада: жол-көлік, өрт және табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мәлімет беру, кеден органдарымен ақпарат алмасу, 1 жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік қай жерде анықталса, сол мемлекетте қалдыру мәселелері қарастырылған. 

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу