Қостанай облысындағы Байғабыл елді мекенінде су мұнарасы құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы Байғабыл елді мекенінде су мұнарасы құлады

26.01.2021

Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Байғабыл елді мекенінде су мұнарасы құлап, тұрғындар тіршілік нәрінен тарығып қалды. Ауылға орталықтандырылған су желісі 2014 жылы 156 млн теңгеге тартылған. Мұнара құлаған соң жұртқа қазір ауыз су тәулігіне төрт сағат қана беріледі. Сол күні қатты жел соқпаған. Сондықтан мұнараның не себепті ортасынан омырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы «су желісін толық қалпына келтіру үшін кемі 2 ай уақыт қажет» дейді.

Әмірхан Асанов, Аманкелді ауданының әкімі:
-Арнайы комиссия келіп тексеріп қарады. Бірақ ешқандай тұжырым жасаған жоқ. Не себепті құлағанын ешкім айта алмайды. Қазір оның себебін білу үшін темірін кесіп алып сараптамаға береміз. Содан ғана белгілі болады. Бізге қазір тезірек халыққа су беру басты мақсат. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу