Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды

26.01.2021
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1266 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 179720-ға жеттi. 

Соңғы тәулікте 1445 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 161758. Қайтыс болғандар - 2495.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 134 адам ем қабылдап жатыр. 285 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 8 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47445 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35220 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 558.

коронавирус статистка

Хабарламаларға жазылу