Қазақстанда 672 бала коронавирустан ем алып жатыр

25.11.2020
Қазақстанда 672 бала коронавирустан ем алып жатыр

Өткен тәулікте 720 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 160-ы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. СҚО-да - 112 және Павлодар облысында да 112 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 127580-ге жеттi. 114347 адам жазылып шықты. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 232 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 672 бала бар. 203 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 204 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 41427 адам пневмонияға шалдыққан. 30207 адам індеттен жазылып шықты. 

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны - 2001, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 432.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу