Жамбыл облысы коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа өтуі мүмкін. Өйткені індетке шалдыққандардың қатары күн санап артып барады. Жыл басталғалы 240 адамнан кесел анықталған. Олардың 70%-да ауру белгілері болса, 30%-да клиникалық белгілері жоқ. Қаланың бас санитар дәрігері сақтық шаралары қатаң ұстануға шақыруда.
Рита Алтынбасова, Тараз қаласының бас санитар дәрігері:
Қаңтар айынан бері 4 өлім жағдайы болды, енді қазір «жасыл» аймақтан ары қарай өсетеін болса, көрсеткіш халық санына шаққан кезде «сары» аймаққа өтуіміз әбден мүмкін болып тұр.
Шығыс Қазақстан облысында да жұқпалы инфекцияның таралу қарқыны үдеп барады. Жалпы, бұл өңір былтырғы жылдың жектоқсан айының 18-нен бастап «жасыл» аймақта болған. Бірақ өткен тәулікте қауіпті індет бірден 43 адамнан анықталды.
Сәбит Әлдебай