Мобильді аударымдар үшін кәсіпкерлерге 2025 жылға дейін айыппұл салынбайды
Мобильді аударымдар үшін, кәсіпкерлерге 2025 жылға дейін айыппұл салынбайды. Бұл туралы Қаржы министрі айтты. Ерұлан Жамаубаевтің сөзінше, бұл жеке тұлғалардың туысының, досының немесе танысының шотына жіберген ақша аударымдарына еш қатысы жоқ. Олар салық төлемейді. Төлемді мобильді аударым арқылы төлеткен кәсіпкерлер жасауы тиіс. Министр ол үшін алдымен банктен екі есепшот ашу қажеттігін еске салды. Біреуі - жеке аударымдар үшін қолданылса, екіншісі кәсіпкерлік қызметке арналады. Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жылдан бастап ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтарды бақылауға ала бастайды.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі:
Бөлек есепшот ашып үлгермегендерге әзірге айыппұл салынбайды. 2025-2026 жылдары біз ондай кәсіпкерлерді анықтап, жауапқа тартамыз. Заң талабын ұмытпау керек. Кез келген кәсіпкер салық төлеуге міндетті.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06