Зейнетақы қоры: 12 мыңнан аса адам арнайы шот ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қоры: 12 мыңнан аса адам арнайы шот ашты

14.01.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін алу үшін 12 мыңнан аса адам арнайы шот аштырды. «Отбасы банкі» кешеден бері жауапты оператор ретінде азаматтардың зейнетақы төлемдерін пайдалануына арнайы шот ашуға кірісті. Қордың салымшылары үйге жөндеу жүргізуге немесе емделуге қаражат алу үшін шотты онлайн аша алады. Тұрғындарға мобильді қосымшаны жүктеу арқылы немесе «Отбасы Банк» сайтындағы бейнеқоңырау қызметі арқылы да шот ашуға болады. Бұл қызмет дүйсенбі- сенбі аралығында 21:00-ге дейін жұмыс істейді.   

Ақерке Бектас                                                           


Хабарламаларға жазылу