Halyk Bank зейнетақы жарнасын алуға жауапты оператор болып бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Halyk Bank зейнетақы жарнасын алуға жауапты оператор болып бекіді

21.01.2021

Тұрғындар бүгіннен бастап зейнетақы жарнасының бір бөлігін алу үшін Halyk Bank-тен де арнайы шот ашып, қордағы ақшаны аудара алады. «Отбасы» банкі секілді Halyk Bank-те оператор болып бекіді. Банк арнайы шот ашып, ақшаны аудару жұмыстарына комиссия ұстамайды. Ол үшін банктің мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелу қажет. Зейнетақы қорымен келісімшартқа отырған соң, осы мобильді қосымша арқылы ақшаны пайдалануға өтініш беру керек. Содан кейін БЖЗҚ банктегі арнайы шотыңызға қаражатты аударады.   

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу