Ералы Тоғжанов: 606 мыңнан аса адам зейнетақы қорындағы қаржысын пайдаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов: 606 мыңнан аса адам зейнетақы қорындағы қаржысын пайдаланды

10.12.2021

Зейнетақы жүйесінің басты міндеті құрметті демалысқа шыққан азаматтарды жеткілікті табыспен қамту екенін ұмытпау қажет. Осылай деген вице-премьер Ералы Тоғжанов тұрғындарды қордағы қаражатын ақылмен жұмсауға шақырды. Бүгінге дейін 606 мыңдай адам зейнетақы қорындағы 2,2 трлн теңгесін пайдаланған. Ал ақша алудың шекті межесі келер жылдың сәуір айына дейін өзгермейді. Президенттің тапсырмасын жедел орындау үшін Үкімет шешімінің жобасы әзірленген. Ол жақын арада қабылданады

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Межеден жоғары алатын ақшаның көлемі болашақта алатын пенсияның да деңгейінің азаюына тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан оны әр уақытта біздің елдің азаматтары есінде ұстағаны абзал деп ойлаймыз. Бұл өте маңызды сұрақ. Аса мұқтаж жағдайда денсаулығына байланысты сұрақтар, үй алу, өте қиын жағдай болатын болса, сол жағдайда ғана пайдаланып, соның бәрін ескергеніміз дұрыс. Мүмкіндікті жолымен, ақылмен азаматтар пайдаланады деп ойлаймыз.


Хабарламаларға жазылу