Теңіз кенішінің тағы 46 жұмысшысынан коронавирус анықталды

14.01.2021

Атырау облысында орналасқан Теңіз мұнай кен орнынының тағы 46 жұмысшысы коронавирусқа шалдықты. Науқастардың көп бөлігінде ауру симптомпсыз өтуде. Бүгінде кеніш аумағындағы инфекциялық стационарда 779 адам емделіп жатыр. Компания басшылығы жағдайдың өндіріс пен құрылыс жұмысына кері әсер етпейтінін айтады. Жалпы облыста өткен тәулікте COVID-19-ды 75 адам жұқтырды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу