Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланды

12.01.2021

Өңірдегі эпидахуалды қадағалау мақсатында Талдықорған қаласы Ескелді және Көксу аудандарында карантиндік шаралар күшейтіледі. Жаңа қаулыға сәйкес аталған елді мекендерде сауда-ойын сауық орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар жұмысын тоқтатады. Өңірде індетке шалдыққандардың 40 пайызы ковидті сауда орталықтарында, қоғамдық тамақтану орындарында жұқтырған.   

Асхат Шарапиев, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары: 
-Облыстық көрсеткіштен жоғары аудандар ол Талдықорған қаласы, Ескелді, Көксу, Панфилов, Талғар аудандары. Ол жерлерде жергілікті бас санитарлық дәрігер өздерінің қаулыларына сәйкес жұмыстарын атқарады.   

Қуаныш Қанатұлы 


Хабарламаларға жазылу