Мәслихат сайлауының қорытындысы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәслихат сайлауының қорытындысы белгілі болды

12.01.2021

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын сайлау нәтижелерін жариялау жөнінде отырыс өткізді. Жиынға өңірлік филиалдардың өкілдері онлайн қосылып саяси науқан нәтижелері туралы есеп берді. Жалпы түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығына 8 мыңнан астам кандидат ұсынылған. Оның 45 пайызға жуығы әйелдер мен жастар. Республика бойынша 1 орынға 3 адам таласқан. Биылғы мәслихат сайлауының ерекшелігі алғаш рет партиялық тізім бойынша өтті. Енді әр партияға үлестірілген мандат бойынша партиялар депутаттарды бекітеді.  

Берік Имашев, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:  
-Енді келесі рәсім депутаттық мандаттарды бөлу. Сайлау туралы заңға сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партиялардың тиісті филиалының басшы органы сайлау қорытындыларын жариялағаннан күннен бастап 5 күннен кешіктірмей айқындайды.    

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу