Атырауда ауаға мөлшерден көп күкіртсутегі тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ауаға мөлшерден көп күкіртсутегі тарады

12.01.2021

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты ауаға қалыпты нормадан 12 есе артық күкіртсутегін жаққан. Демалыс күні электрэнергиясының жетіспеуі салдарынан кәсіпорындағы сорғы мен компрессорлық жабдықтар тоқтап қалған. Соның салдарынан қара түтін будақтап, елдің үрейін ұшырды. Бірақ зауыт басшылығы оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ дейді. Алайда өңір экологтары бұл тұжырыммен келіспейді. Мамандар жылжымалы зертханамен оқиға орнына дереу жетіп, сынама алды. Нәтижесінде тиісті норманың бұзылғаны анықталды. 

Ал жарыққа қатысты мәселені облыс әкімдігі бақылауға алды. Бүгінде арнайы комиссия құрылып, олқылықты түбегейлі жою жұмыстары қолға алынды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу