Атырауда ауаға зиянды газ тарап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ауаға зиянды газ тарап кетті

21.04.2020

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішіндегі қондырғылардың бірінен ақау шығып, қою түтін будақтады. Технология сыр беріп, соның салдарынан пайда болған артық газ жұмысшыларды әбігерге салды. Қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланған. Компания басшылығы, апатты растап, кеніште жұмыс қайта қалыпқа келтірілгенін мәлімдеді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу