Саясаттанушылар сайлаудың алғашқы қорытындысын сараптады

11.01.2021

Қазақстандық сайлаушылар тұрақтылық үшін дауыс берді. Әрі қөз көзқарасын аяқасты өзгерте қоймайтынын көрсетті. Сайлаудың алғашқы қорытындыларын сараптаған саясаттанушылар осындай пікір білдірді. Сарапшылардың айтуынша, партиялар мұнымен тоқтамай қазірден бастап келесі саяси науқанға дайындықты бастауы керек.

Ерлан Саиров, Еуразиялық интеграция институтының директоры:
Қазақстан халқы эволюциялық даму үшін, елдің әлеуметтік процестерінің бірте-бірте өсуі үшін және қоғамдық-саяси процестердің бейбіт түрде дамуы үшін дауыс берді деуге толық негіз бар.
Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы:
Сайлау өте тұрақты, жағымды трендте өтті. Осы бір сайлау аяқталды, бірақ бүгіннен бастап жаңа саяси науқан басталды. 2020 жылы болған саяси реформа биыл тағы жалғасын табады. Жаңа Парламентке жаңа мақсаттар қойылады.
Нұрғали Нұртай, сарапшы:
Азаматтар белсенді қатысты деп айтуға болады. 2016 жылғы қатысуды қарасақ, 77 пайыз болған екен. Кеше енді пандемия жағдайын қарамастан 63 пайыз келіп отыр. Сайлауға қатысқан саяси партиялар қандай нәтиже болса да босаңсымай, келесі электоралды процеске дайындалуы тиіс. Мысалы, жазда келе жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы бар.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу