Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары болып В.Божко мен Г.Исимбаева сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары болып В.Божко мен Г.Исимбаева сайланды

25.03.2016
Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары болып В.Божко мен Г.Исимбаева сайланды

«ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 9 бабы 8 тармағына сәйкес палата депутаттары арасынан Мәжіліс Төрағасының ұсынуымен, палата депутаттарының басым дауысымен сайланатын екі орынбасары болады. Сондықтан өзіме берілген құқықты пайдаланып, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары ретінде  Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаеваның кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Осыдан кейін депутаттар Мәжіліс Төрағасының ұсыныстарына дауыс беріп, оны толығымен қолдады.

Хабарламаларға жазылу