Елімізде тағы 723 адам коронавирустан жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тағы 723 адам коронавирустан жазылып шықты

08.01.2021

Cоңғы күндері елдегі эпидахуал мәз емес. 6 күннің ішінде коронавирустан 57 адам көз жұмған. Ал кеше тағы 831 адамнан коронавирус анықталды. Қуантарлығы, 723 адам бұл індеттен жазылып шыққан екен. Ал вирус белгілері бар пневмонияға 76 адам шалдығып, 106 адам жазылып шықты. 

Жалпы, қазір 23 мыңға жуық азамат осы екі инфекциядан емделіп жатыр. Олардың 291-і ауыр жағдайда. 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

коронавирус

Хабарламаларға жазылу