Күршім ауданында заманауи бассейн ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күршім ауданында заманауи бассейн ашылды

07.01.2021

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында жабық жүзу бассейні ашылды. Жалпы соңғы бір жылда өңірде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 50-ден астам жоба жүзеге асты. Тірек ауылдарында жаңадан әлеуметтік нысандар салынып, білім, медицина мекемелері мен жолдар жөнделді. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 8 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінген. Аудан орталығында бой көтерген жаңа нысанда су спортының барлық түрімен шұғылдануға жағдай жасалған.   

Қанат Оралбек, Күршім аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: 
-Бұл жерде тек мектеп оқушылары ғана емес, бұқара халықта спортпен шұғылданатын болады. Өзіміздің спорттың кез келген түрімен айналысатын спортшыларға да арнайы кесте құрып отырмыз. Олар да аптаның алты күнін спорт залда, ал бір күнін осы жерге келіп суда жаттығып, денелерін шынықтырады.  

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу