Жамбыл облысында шалғайдағы ауыл балаларына ерекше тарту жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында шалғайдағы ауыл балаларына ерекше тарту жасалды

30.12.2020

Жамбыл облысында ауыл әкімі шалғай ауылдағы балаларға ерекше тарту жасады. Пандемияның кесірінен мерекелік кештерден қағылған кішкентайлар үшін аяз атаның киімін киген ауыл басшысы базарлық таратуды жөн санаған. Қойлы ауылдағы шаруалардың жай-күйін біліп, әрі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап жүрген ауыл әкімімен Сәбит Әлдебай сұхбаттасты. 

Сән салтанатымен әкімдіктен шыққан аяз ата - Балуан Шолақ ауылының әкімі Базархан Жүнісқұлов. Белсенді қызметкер ауыл азаматтарымен бірлесіп , биылғы жаңа жылда балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.  

Базархан Жүнісқұлов, Балуан Шолақ ауылының әкімі: 
-Мереке қарсаңында балаларға кішкене базарлығымыз бар, құр келмей сыйлық ала келейін дедік.  

Бұл іргелі шарушалықта ондаған шопан отбасы тұрады. Ауылдан жырақ жатқан қыстақ тұрғындары тосыннан келген аяз атаны көріп аң-таң.

Шымшық Мәдәлиева, ауыл тұрғыны:      
- Балаларымыз да, өзіміз де қуанып қалдық. 

Шу ауданына қарасты Балуан Шолақ ауылында ірілі-ұсақты 50 жуық шаруа қожалығы бар. Ауыл әкімі қыстың көзі қырауда қыстақта қалған шопандар ауылына мерекелік көңіл-күй сыйлап, осылай шолып шықпақшы.

Сәбит Әлдебай 


Хабарламаларға жазылу