Алматы облысында инвестициялық жобалар көлемі артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында инвестициялық жобалар көлемі артып келеді

30.12.2020

Алматы облысында коронавирус пандемиясына қарамастан бизнеске тартылған инвестиция көлемі артып келеді. Аймақта кәсіпкерлікпен айналысушылардың саны өскен. Мәселен, құрылыс заттарын өндіру, энергетика және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу салалары бойынша жалпы сомасы 124 млрд теңгені құрайтын 20 индустриялық жоба іске асырылып жатыр. Инвесторлар облыс орталығына сабылмауы үшін Алматы қаласынан бір терезе қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық жұмыс істеп тұр.    

Серік Тұрдалиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары  
-Бірнеше бағдарлама бар. Үкіметпен бекітілген. Мысалы, «Жол картасы 2020-2025». Осы бағдарламаға сәйкес біз кәсіпкерлерге арзандатылған кредит бере аламыз.  

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу