2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы мақұлданды

29.12.2020

Елімізде 2030 жылға қарай жыл сайын 270 мың тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бүгін Үкіметте алдағы он жылға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын талқылады. Осы жоба аясында жаңа 545 балық өсіру шаруашылығы ашылып, қазіргі 323 шаруашылық өндірістік қуатын толық игере бастайды. Бағдарламаны іске асыру үшін он жыл ішінде 345 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Әрі балық шаруаларын ынталандыру үшін заң өзгертіледі.  

  Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
-Балықты ішкі тұтыну 2 есе ұлғаяды. Бұдан басқа балық саласын дамыту 50 мыңға дейін жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік бар.  

Биыл елдегі кәсіпорындарда 1300 жұмысшы өндірістік жарақат алған. Оның 185-і қаза тапты деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Жұмыс барысында жарақат алу Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында артқан. Енді Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұжырымдама әзірленбек.  

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
-Жанжалдар саны екі есе қысқарды. Ағымдағы жылдың басынан бастап 4,2 млрд теңге жалақы бойынша берешек өтелді. 31 мың жұмыскердің мүдделері қорғалды.  

Данияр Қайыртай

балық шаруашылығы Үкімет

Хабарламаларға жазылу